Талдықорғанда такси жүргізуші жолаушыны пышақтап кеткен

pexels.com
pexels.com
Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Талдықорғанда такси жүргізуші жолаушыны пышақтап кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv.

Polisia.kz дерегінше, 21 қарашада автовокзал маңында Талдықорған қаласының үш тұрғыны үш жерге бару үшін такси жалдайды. Жолда такси жүргізушісі клиенттерге түнгі тарифпен төлеу керек екенін еске салды. Жолаушылар бұған дөрекі жауап қайтарып, бұл кейіннен ер адамдардың жұдырықтасуына түрткі болды.

«Жанжал барысында көлік жүргізушісі жиналмалы пышақпен клиенттердің бірін ауыр жарақаттайды. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. 27 жастағы такси жүргізуші түсінік беру үшін қалалық полицияға жеткізілді», - делінген хабарламада.

Қажетті сараптамаларды тағайындаумен бірге аталған факті бойынша тергеу ҚР ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігіне (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) сәйкес жүргізіледі.

Новости партнеров