Шымкентте футбол жанкүйерлері арасында жанжал шықты

prosports.kz
prosports.kz
Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

29 қазан күні сағат 17.30-да 102 арнасына Шымкент қаласының тұрғынынан Тәуке хан даңғылы мен А.Байтұрсынов көшесінің қиылысында жас азаматтардың жиналғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Ақтөбе қаласының 50 шақты тұрғыны ("Ақтөбе" футбол командасының жанкүйерлері) А.Байтұрсынов көшесінің бойында Шымкент қаласының 10 тұрғынын ("Ордабасы" футбол командасының жанкүйерлері) жолықтырып, араларында ауызша жанжал туындаған. Оларды полиция қызметкерлері тоқтатты. 

Аталған тұлғалардың барлығы Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасына жеткізілді. Жауап алу барысында азаматтар төбелес жайтын жоққа шығарып, бір-біріне қатысты шағымдары жоқ екенін айтты. 

"Барлық жеткізілген тұлғалармен профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деді полицияда.

Новости партнеров