|
10.06.2022 | 15:37
5030

Шымкент қаласындағы балабақша басшылары күдікке ілінді

Оларға 46 миллион теңгеге жуық ақша ұрлады деген айып тағылып отыр

Шымкент қаласындағы балабақша басшылары күдікке ілінді Almaty.tv

Шымкент қаласындағы балабақша басшылары 46 миллион теңгеге жуық ақша жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оларға мектепке дейінгі білім беруді жан басына қаржыландыруға қарастырылған қаражатты ұрлады деген айып тағылуда. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті. Күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

«Балабақша басшылары 2019-2021 жылдар аралығында балалардың қатысу есебіне жалған мәліметтер енгізіп, мектепке дейінгі білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландырудың «Балапан» бағдарламасы бойынша қарастырылған жалпы сомасы 45,7 млн.теңге бюджет қаражатын заңсыз жымқырған деген күдікке ілінді», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир