Түркістан облысының полицейлері танысының құны млн теңге болатын екі жылқысын ұрлаған күдіктіні анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Отырар ауданының полицейлері мал ұрлады деген күдікке ілінген ер адамды ұстады.
Анықталғандай, күдікті түнгі уақытта танысының екі жылқысын жайылымнан ұрлап, жүк көлігіне тиеп, қашып кеткен.
Содан ұрланған жылқыларды туысының үйіне жасырған. Келтірілген шығын көлемі шамамен миллион теңгені құрады.
Белгілі болғандай, ер адам жылқыларды көкпар ойындарына қатыстыру үшін ұрлаған.
Тәртіп сақшылары ұрланған жылқыларды тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.
Оқи отырыңыз: Үш шақырым жаяу жүреді: Маңғыстауда мектеп оқушыларын тасымалдайтын автобус неге жоқ