Алматы полицелері ақша бопсалады деген күдікпен ер азаматты ұстады

Фото видеодан алынды
Фото видеодан алынды
Ол қызды тапаншамен қорқытып, 500 мың теңге талап еткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда өзін қамқор жігіт ретінде көрсеткен азамат жақында танысқан 23 жастағы қыздан ақша бопсалаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Үйіне кіріп алып, жәбірленуші мен оның сіңлісін тапаншамен қорқытып, 500 мың теңге талап еткен. Талапты орындамаған жағдайда екеуін де оңдырмайтынына сөз берген. Қыз ондай ақша жоғын айтқанда, әлгі жігіт телефонын ломбардқа өткізуге мәжбүрлеген. Тіпті, қарсылығына жауап ретінде еденге бір рет оқ атыпты. Осыдан кейін бойжеткен талабын орындап, 235 мың теңге ұстатқан. Арада бірнеше апта өткеннен кейін ғана полицияға жүгініпті. Күдікті қолға түсті.

– Оқиға орнына барған кезде ақпарат дәлелденіп, ПД Экстремизм жөніндегі қызметкерлердің көмегімен жедел іздестіру барысында Н. есімді азамат, қосымша 5 күдікті ұсталды. Қару тәркіленіп, әрі қарай полиция басқармасына жеткізіліп, тергеу болады, – деді полиция қызметкері.

Полицейлер 22 жастағы жігіттен бөлек, оның қасында жүрген бірнеше ер адамды ұстады. Анықталғандай, олардың арасында бұған дейін де істі болғаны бар. Бүгінде олардың заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Ал күдікті бопсалау қылмысы бойынша тергелуде. Тәртіп сақшылары оны уақытша ұстау изоляторына қамады.

Оқи отырыңыз: Іздеуде жүрген: Түркістан облысында күдікті қолға түсті

Новости партнеров