Алматыда қаржы пирамидасының басшыларын тергеу аяқталды

ortcom.kz
ortcom.kz
Тергеу барысында 5 айыпталушының 45 салымшыны қатарына қосып, 75 млн теңгені жинап алғаны анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Q-net қаржы пирамидасы басшыларының 28 млн теңгеге жуық мүлкі тәркіленді. Олар Алматы қаласында ұйымның құрылымдық бөлімшелерін басқарды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тергеу барысында 5 айыпталушының 45 салымшыны қатарына қосып, 75 млн теңгені жинап алғаны анықталды. Қазір олардың бұл әрекетіне қатысты тергеу аяқталып, іс сотқа жолданған. Қаржы пирамидасы басшыларының 28 млн теңгеге жуық мүлкі тәркіленді.

– Q-net қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшелерін басқару күдігіне қатысты істі тергеуді аяқтады. Тергеу барысында іс бойынша 5 айыпталушы 2018 жылдың қарашасынан 2022 жылға дейін Q-net қаржы пирамидасының Алматыдағы филиалдарын басқарғаны анықталды. Оның қызметіне 45 салымшы тартылып, 75 млн теңге материалдық шығын келтірген, – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Оқи отырыңыз: Биыл Қазақстан шекарасында 1 тоннаға жуық есірткі тәркіленді

Новости партнеров