Депозиттен ақша жымқырған Шымкенттік банк басшысы ұсталды
Almaty.tv
Оның сыбайласы 7 жылға сотталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Шымкент қаласында «Цеснабанктің» (қазіргі Jusan Bank) өзі басқарып отырған филиалынан қомақты ақша ұрлаған Нұржан Көлбаев темір торға тоғытылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол 2017 жылы қызмет бабын пайдаланып, депозиттегі ақшадан 445 мың доллар алып, қашып кеткен болатын.
Банктің алаяқ басшысына халықаралық іздеу жарияланып, ол көп ұзамай қолға түскен еді. Алайда осы іске байланысты алғашқы сот отырысында судья оны ақтап шығарған.
Кейін аппелляциялық сот директордың кінәлі екенін дәлелдеп, Нұржан Көлбаевты 8 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ оның сыбайласы 7 жылға сотталды.
Дереккөз: Halyq-uni.kz
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30
Әсел Жанасова Көлік министрі болып тағайындалды
03.11.2026 18:25