Бес адам қаза тапқан қанды оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша іс қозғалды. Бірі – қасақана адам өлтіру болса, екіншісі – билік өкілдеріне шабуыл жасау. Бұл туралы бүгін қалалық Полиция департаментің басшысы арнайы брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Сондай-ақ Қанат Таймерденов қаза болғандар туралы ақпаратпен бөлісті.
«Оның ішінде екеуі – біздің учаскелік инспекторларымыз. Біреуі – сот орындаушы. Екеуінің біреуі үй йесі және соның уәкілі. Қазіргі таңда осы фактілер бойынша екі іс қозғалды. Күдікті ұсталып абақтыға қамалды. Аталған құрал мылтық бойынша тәркіленіп сараптама тағайындалды», – деді қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.
Бес адамның өліміне себепкер болған күдікті бұрын сотты болмаған, психикалық ауытқулары жоқ екені анықталды. Емханада да тіркеуде жоқ деді ресми орын өкілдері. Қазір оның үйінде қаруды қалай еркін сақтағаны анықталып жатыр.
Айта кетейік, кеше 5 адамға аяусыз оқ жаудырғаннан кейін күдікті өз еркімен қарсылықсыз полицияға берілген. Сондай-ақ, полиция бастығы қайтыс болған тәртіп сақшыларына протолкада жазылғандай барлық көмек көрсетілетінін айтты.
«Біріншісі – Сүлеев Дархан біздің департаментте 2002 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. Қазір қайтыс болған Сулеевтің 5 баласы қалды. Екіншісі – Жан Байғазиев 2017-14 жылдан бері жұмыс істейді. Екеуі де осы Ақбұлақтың учаскелік инспекторлары. Жұмыста тәртіп бұзушылық немесе басқа да әрекеттер жасаған. Ол кісілер 17 рет марапат алған. Халық тарапынан осы кісілердің жұмысына оң баға беріліп жатыр», - деді Қанат Таймерденов.