|
02.06.2021 | 15:45
15828

Атып тастаймын: үйінің маңына дәрет сындырып, иесін соққыға жыққан

Алматы облысындағы Қасымбек ауылында болған жағдай әлеуметтік желіге тарап кетті

Атып тастаймын: үйінің маңына дәрет сындырып, иесін соққыға жыққан

Ерлі-зайыптыны ұрып, атып тастаймын деп қоқан-лоққы көрсеткен үш азамат ұсталды. Алматы облысындағы Қасымбек ауылында болған жағдай әлеуметтік желіге тарап кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Белгілі болғандай, таңертең жұмысқа шыққан отбасы үйінің қақпасының маңында ер адамның дәрет сындырып тұрғанын көріп, ескерту айтқан. Оған бейтаныс жігіт балағат сөз қайтарып, жағдайды ушықтырып жіберсе керек. Сөйтіп, жанжал шығып, бейтаныс азаматтар ерлі-зайыптының екеуін де соққыға жыққан.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, тексеріс нәтижесінде 22-24 жас аралығындағы сол ауылдың үш тұрғыны ұсталды. Бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған. Сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир