|
04.05.2022 | 15:46
850

Құны миллион теңгеден асатын гауһар тасты ұрлаған әйел ұсталды

Ұсталған азамат кінәсін мойындады

Құны миллион теңгеден асатын гауһар тасты ұрлаған әйел ұсталды ҚазАқпарат

Елордада белгісіз әйел дүкеннен құны 1 млн теңгеден асатын гауһар тасты ұрлап кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Полицияға дүкен директоры арызданып, Ғабдуллин көшесіндегі зергерлік дүкенінен белгісіз біреу бағасы 1 млн теңгеден асатын гауһар тасты ұрлап кеткенін айтқан.

«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу және қылмыс жасау периметрінде орнатылған бейнебақылау камераларын қарау барысында күдікті анықталды. Ол 49 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Әйелдің зергерлік дүкенге жиі келетіні және бұрын бірнеше рет үлкен сомаға зат сатып алғандығы белгілі болды. Күдікті кешкі сағат 17.45-те зергерлік дүкенге кіріп, сатушының басқа клиенттерге қызмет көрсеткенін пайдаланып, қымбат жиынтықты ұрлап, қылмыс орнынан бой тасалаған», – деп жазды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұсталған азамат кінәсін мойындады, заттай айғақ тәркіленді. Аталған дерек бойынша «Ұрлық» бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оның елорда аумағында жасалған басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир