Талдықорғанда күдікті жігіттен ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіленді
alataunews.kz
Іс бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігіне сәйкес жүргізіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Талдықорғанда күдікті жігіттен ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Күдікті Талдықорған қаласындағы шағынауданның бірінде арнайы іс-шаралар барысында ұсталды. Жеке тінту кезінде 18 жастағы жігіттен синтетикалық есірткінің бір түрі «α-пирролидиновалерофеноннің» 45 бумасы табылды.
«Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы – 21,19 грамм, бұл – аса ірі мөлшер деп есептелінеді. Жалпы, жыл басынан бері заңсыз айналымнан 2,5 келіге жуық синтетикалық есірткі тәркіленді», - деді Жетісу облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.
Іс бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігіне сәйкес жүргізіледі.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
17.09.2026 09:04
17 қыркүйекке арналған валюта бағамы
17.09.2026 09:17
18 қыркүйекке арналған валюта бағамы
18.09.2026 09:00
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
18.09.2026 09:10
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.09.2026 20:15