|
23.08.2022 | 15:50
667

Жетісу облысының тұрғыны алаяққа алданып қалды

Алаяқтар WhatsApp желісі арқылы қоңырау шалған

Жетісу облысының тұрғыны алаяққа алданып қалды Almaty.tv

Жетісу облысында 53 жастағы тұрғын алаяққа алданып, 2 миллион 700 мың теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жәбірленуші осыдан 3 күн бұрын Қаратал ауданындағы полиция бөлімшесіне алданғаны туралы хабарлап, шағым түсірген. Оның айтуынша, қаскөйлер ұялы телефонға WhatsApp желісі арқылы қоңырау шалып, өзін жоғары дәрежелі полиция қызметкері ретінде таныстырған. Жалған тәртіп сақшысы әйелдің жеке мәліметтерін білу үшін құқық қорғау ведомствосы өкілінің жалған куәлігін, суреті мен мөрін көрсетіпті. Кейін құпия ақпаратты ірі көлемде ақшалай несие алу үшін пайдаланған. Қазір аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«Алаяқтар сіздерге WhatsApp желісі арқылы қоңырау шалады. Ал банк қызметкерлері мұндай жағдайда қалалық нөмірден хабарласып, сіздерді банкке шақырады. Құрметті азаматтар, егер де сіздерге күмән туғызатын тұлғалар хабарласатын болса, олармен байланысты тоқтатып, өзіңіздің қызмет көрсететін банк мекемесіне немесе 102 нөміріне полиция бөліміне хабарлауыңызды сұраймыз», – деді Облыстық ПД тергеу басқармасының бастығы Руслан Чарапиев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир