Ұлытау облысында 15 ақбөкенді бауыздаған браконьерлер ұсталды
Depositphotos
Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Төрт браконьер Ұлытау ауданының аумағында құрықталды. Полиция қызметкерлері «Охотзоопром ӨБ» РМҚК инспекторларымен бірлесіп жүргізген рейдте бірнеше адамнан құралған браконьерлік топты анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тексеру барысында ұсталғандардан «Урал» маркалы екі мотоцикл, 15 ақбөкен еті, 29 дана кесілген мүйіз, 2 бірлік тегіс ұңғылы қару табылды. Ұсталғандар 44-53 жас аралығындағы көрші облыстың тұрғындары болып шықты.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Оқи отырыңыз: Таза Қазақстан: Алматылық оқушылар көше тазалауға арналған техникалармен танысты
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
20.10.2026 08:10
Семсерлесушілеріміз Мароккодағы әлем Кубогында топ жарды
19.10.2026 08:40
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
19.10.2026 14:45