|
27.08.2024 | 15:54
99

Полиция қалта ұрыларының қалай әрекет ететінін көрсетті

Олар арнайы репортаж дайындады

Полиция қалта ұрыларының қалай әрекет ететінін көрсетті polisia.kz

Полиция қалта ұрыларының қалай әрекет ететінін көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласының Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Алматы полициясы қалта ұрыларының қалай әрекет ететінін нақты көрсететін арнайы репортаж дайындап, олардың құрбанына айналмауға кеңес берді.

– Видеодағы әрекеттің қоғамдық көлікте өтуі бекер емес, себебі қалта ұрлығының көбі сол жерде орын алады. Азаматтардың баяулығы қаскөйлерге тиімді. Бұл бейнероликте біз ұрылардың ұялы телефондарды, әмияндарды қалай ұрлайтынын көрсетіп, құнды дүниелерді қайда жасырған дұрыс екендігі туралы кеңес бердік. Бұл бейне өнім жас шектеусіз кең аудиторияға арналған. Айтпақшы, балалар – мектеп оқушылары мен студенттер адамдар көп жиналатын орында өз мүлкін қорғау шарасы туралы білгені жақсы, өйткені олар оңай жолмен ақша табуды ұнататындардың қылмыстық қол сұғушылықтарының объектісіне айналады, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.  Алматыда қалта ұрыларының саны 33,8%-ға азайған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир