Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы каналдардың бірінен қайыққа 4 тоннадан астам балық тиеген браконьерлер қолға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тінту барысында 2 жарым тоннадай сазан балығы, 700 келіден астам жайын және басқа да балық түрлері тәркіленді. Іс-құжаттар аудандық полиция бөліміне жолданып, су маржандары уақытша сақтауға тапсырылды. Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мәліметі бойынша, мемлекетке келтірілген залал көлемі 23 млн. теңгеден асады.
«Құрманғазы ауданы, Қиғаш өзенінде 4 тонна 600 килограмм балықты заңсыз аулаған факт бойынша қазіргі таңда ҚК 335-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.