Жыл басынан бері 880 велосипед ұрлығы тіркелді

elements.envato.com
elements.envato.com
Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жыл басынан 880 велосипед ұрлығы тіркелді. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Маусымдық қылмыстардың тағы бір түрі – велосипед ұрлығы. Велосипед ұрлығы әдетте екі дөңгелекті көлік иелерінің немқұрайлылығынан болып жатады. 2023 жылы республика аумағында 2 528 велосипед ұрлығы тіркелді. Ал, биыл 5 айда осындай 880 қылмыс жасалып отыр. Мысалы, өткен жылы Астанада 25-тен астам велотехника ұрлаған кәнігі ұры ұсталды. Барлық жағдайда қылмыскер дұрыс бекітілмеген және қараусыз қалған велосипедтерді қолды еткен», - деді ол ведомствода өткен апталық брифингіде.

Оның айтуынша, көпқабатты үйлердің кіреберісі қауіпсіз орын емес.

«Статистикаға сүйенсек, керісінше көпқабатты үйдің кіреберістері велосипед жиі ұрланатын жер саналады», - деді ресми өкіл.

Оқи отырыңыз: Алматыда самокаттардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғасы жиіледі

Новости партнеров