26 жастағы жігіт еш жерде жұмыс істемейді
Таразда өзін Ұлтық қауіпсіздік комитетіненмін деп таныстырған азамат шамамен 16 миллион теңгеге сан соқтырды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол пәтерін жалға берген азаматтың сеніміне кіріп, оның ұлын мемлекеттік қызметке орналастыруға және сот ісін жүргізуге көмектесетінін айтқан. Осылайша ақшасын пайыздық қарыз түрінде иемденген көрінеді. Сан соғып қалғанын түсінген азамат полицияға шағымданған. Тәртіп сақшылары алаяқтық қылмысты жасады деген күдікпен ер адамды қолға түсірді. Анықталғандай, ұсталған 26 жастағы жігіт еш жерде жұмыс істемейді.
– Алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Істің егжей-тегжейлі мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті жедел-тергеу іс-шарасы жүргізіліп жатыр, – деді ПД Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі Шохан Әлжанов.
Оқи отырыңыз: Алматыда алғаш рет қазақ тілінде бизнес форум өтті