ШҚО-да аюды өлтірген браконьер ұсталды

pexels.com
pexels.com
Күдікті жыртқышты етін тұтыну үшін атып өлтірген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Полицейлер Ново-Троицкое ауданында заңсыз аң аулаумен айналысқан Өскемен қаласының 37 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті жыртқышты етін тұтыну үшін атып өлтірген.

«Тәртіп сақшылары оқиға орнынан рұқсат құжаттары бар 12 калибрлі Ataarms және 308 калибрлі Zauermod мылтықтарын, квадроцикл және аюдың ұшасын тәркіледі, кейін олар ветеринарлық зертханаға сақтауға берілді», - делінген хабарламада.

Күдіктіге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Осы дерек бойынша күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Аталған бап үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

Новости партнеров