|
09.11.2020 | 16:08
2632

Полицейдің ұлы анасы мен әкесіне оқ атқан

Кәмелет жасқа толмаған жеткіншекке үш адамды өлтіруге оқталды деген айып тағылды

Полицейдің ұлы анасы мен әкесіне оқ атқан jarmoluk

Санкт-Петербургте 15 жасар мектеп оқушысына 6 жасар жиенін пышақпен жаралап, анасы мен әкесіне травматикалық тапаншадан оқ атты деген айып тағылды. Бұл туралы Ресейдің тергеу комитетінің аймақтық департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Кәмелет жасқа толмаған жеткіншекке үш адамды өлтіруге оқталды деген айып тағылды.
Тергеу мәліметтері бойынша, жасөспірім пәтерде 8 қарашаға қараған түні жеке бас араздығының салдарынан жиенінің мойнына, ішіне және иығына үш рет пышақ салған. Содан кейін ол тапаншамен анасының басынан бірнеше рет оқ атқан, артынан әкесін өлтірмек болған. Жол полициясының қызметкері өз ұлының ауыр қылмыс жасауына кедергі келтіріп, қолындағы қаруды тартып алған.
Қазіргі уақытта 6 жасар сәби мен күдіктінің анасы ауыр жағдайда ауруханада жатыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир