Жаңаөзенде иттің көмегімен қару-жарақ қоймасы анықталды
Фото пресс-службы РгК «Батыс» Нацгвардии РК
Қоймада шолақ аңшы мылтығы мен спорттық мылтық жасырылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жаңаөзенде қызметтік ит гараждардың бірінен қару-жарақ қоймасын тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Ұлттық ұлан "Батыс" РҚК баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сұлтановқа сілтеме жасап.
Қойма 18 ақпанда сағат 18.00 шамасында Мамыр ықшамауданында 34 жастағы жергілікті тұрғыннан табылған.
Жедел-іздестіру іс-шарасына 5548 әскери бөлімінің маман кинологы, кіші сержант Асан Абдукәрімов және Кэсси есімді ит қатысқан. Қоймада шолақ аңшы мылтығы мен спорттық мылтық жасырылған.
Баспасөз қызметі басшысының айтуынша, 2021 жылы Ұлттық ұлан сарбаздары Детектив есімді қызметтік ит көмегімен есірткінің заңсыз айналымына қатысты үш деректі анықтаған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
05.09.2026 14:47
Өзіңізге сый жасап үйреніңіз: 5 қыркүйекке арналған жұлдыз жорамал
05.09.2026 12:03
Дәрігерлер шайды қашан ішу керек екенін айтты
06.09.2026 12:42
5 қыркүйекте Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
05.09.2026 10:20
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
06.09.2026 15:56