Алматы полициясы Anydesk және TeamViwer бағдарламаларының қауіптілігін айтты

Алматы полициясы Anydesk және TeamViwer бағдарламаларының қауіптілігін айтты
Anydesk және TeamViwer - бұл Интернет арқылы дербес компьютерге қашықтан қол жеткізуге арналған бағдарламалар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы полициясы Anydesk және TeamViwer бағдарламаларының қауіптілігін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Anydesk және TeamViwer - бұл Интернет арқылы дербес компьютерге қашықтан қол жеткізуге арналған бағдарламалар, еркін қолжетімді және жүктеу файлын жүктеп алғаннан кейін бірден пайдалануға болатын, оңай басқарылатын мүлдем тегін қолданбалар.

«Ол қашықтан бақылау және қашықтан қолдау көрсету үшін пайдаланылады, барлық дерлік жұмыс үстелі компьютерлерімен және мобильді құрылғылармен, соның ішінде Windows, Android, Ios (айос) үйлесімді және қылмыстық тізбектерде де пайдаланылуы мүмкін.  Қаскөйлер құрбандарға қоңырау шалады.  Олар өздерін банктердің қауіпсіздік қызметінің қызметкерлеріміз деп таныстырып, алаяқтықпен күресіп жатқанын, жәбірленушілердің есепшоттарынан күдікті транзакциялар жасалынып жатқанын түсіндіреді.  Олар адамдарды жаңылыстырып, ақшаларын сақтап қалу үшін жәбірленушілерден AnyDesk және TeamViwer қосымшасын ұялы телефондарына жүктеп алуды сұрайды.  Шын мәнінде, бұл қосымшалар смартфонға және тиісінше жәбірленушінің мобильді банкинг қосымшасына толық қол жеткізуге мүмкіндік береді.  Мобильді банкинг қосымшасына қол жеткізген қаскөй, жалған шоттармен заңсыз транзакциялар жүргізеді», - деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қуатбек Науатов.

Егер сізге банктің қауіпсіздік қызметкерлері қоңырау шалса, олар ешқашан сіздің картаңыздың деректемелерін сұрамайтынын және ұялы телефоныңызға келетін кіру кодтарын айтуды талап етпейтінін есте сақтаңыз.  Ақшаны шешіп алып, содан кейін  қауіпсіз шотқа аударуды сұрамайды.

«Айта кететін жайт, алаяқтар «Банктің call орталықтарынан» қоңырау шалу үшін өздерінің пайдакүнемдік мақсаттарымен абоненттік нөмірді ауыстыру үшін мобильді қосымшаларды пайдаланады.  Мұндай жағдайларда телефон тұтқасын қойып, банк картасында немесе банктің сайтында көрсетілген сенімді нөмірге қайта қоңырау шалу керек.  Алаяқтық әрекеттері анықталса, дереу полицияға хабарласу керек», - деді, Қуатбек Науатов.

Новости партнеров