Жетісу облысында кәмелетке толмаған баланы зорлады деген күдікке ілінген экс-депутатқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақсу аудандық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақсу аудандық полиция бөлімі зорлық-зомбылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.
«Ақсу аудандық полиция бөлімі кәмелетке толмаған азаматқа қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қажетті сот сараптамаларын тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізіледі. Тергеу шеңберіндегі өзге де деректер ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайды», - деп хабарлады полиция бөлімінен.
Бұған дейін Жетісу облысында жүзден астам жасөспірім заңсыз әкімшілік жауапқа тартылғанын жазған едік.