Алматы облысында алаяқ үш жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетейік, ақпан айында алаяқтық әрекеті үшін Алматы облысының тумасы ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынған болатын. 1958 жылғы адам алдау жолымен, яғни өзін жылу желілерін орнату шебері ретінде таныстырып, оған жүгінген тұрғындардың ақшасын иемденген.
Оның құқыққа қайшы іс-әрекеттерінен ондаған адам зардап шеккен. Күдікті өзін полиция іздеп жүргенін білгеннен кейін қашуға тырысқан. Алайда, криминалдық полиция қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің нәтижесінде, ол 2020 жылдың 6 ақпанында Алматы қаласында ұсталып, бірден қамауға алынды. Талдықорған қаласының Батыс ПБ-ның тергеушісі барлық қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп, істі соттың қарауына жіберді. Сот процесі барысында ол өзінің кінәсін толығымен мойындап, шын мәнінде алаяқтық жасағанын жеткізді. Сот тергеуінде алаяқтың ұрланған ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсағандығы белгілі болды.
Жуырда Талдықорған қалалық соты ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі 1-тармағында көзделген қылмыстық әс-ірекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылған күдіктіге қатысты үкім шығарды. Сот оған қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде жазасын өтей отырып, үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.