|
30.11.2023 | 16:16
525

Батыс Қазақстанда шекарадан заңсыз өтпек болған шетелдіктер ұсталды

Ұсталғандардың бірі Қазақстаннан Ресейге шекараны заңсыз кесіп өтпек болған

Батыс Қазақстанда шекарадан заңсыз өтпек болған шетелдіктер ұсталды БҚО Полиция департаменті

Батыс Қазақстан облысында шекарадан заңсыз өтпек болған шетелдіктер ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, көші-қон қызметі басқармасы қызметкерлері ҚР ҰҚК Шекара қызметі БҚО бойынша департаментімен бірлесе отырып, 21 жастағы шетелдік қолға түсті.

Қазақстаннан Ресейге шекараны заңсыз жаяу кесіп өтпек болған жігіттің жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ болып шықты.

Жауап алу кезінде ол 2022 жылы Мысыр еліне Сьерра-Леоне Республикасынан босқын ретінде келгенін айтты. Босқын визасының мерзімі өткеннен кейін жігіт Мысыр шекарасынан Түркияға заңсыз өткен. Содан кейін Армения, Түрікменстан, Өзбекстан шекарасынан заңсыз өтіп, Қазақстан аумағына келген.

«Шымкент, Алматы қалаларында болған ол «Оралда тұрғын үймен және жұмыспен қамтамасыз етемін» деген досымен Ақтөбе қаласына автобуспен келген. Сол қызметі үшін 2 мың доллар төлеген. Алайда ол өзінің алданғанын түсінді. Қазіргі кезде ұсталған шетелдік Орал қаласы полиция басқармасы қабылдап-тарату орнына орналастырылды. Аталған дерек бойынша материал жинақталып, шешім қабылдау үшін Орал қаласы мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды», - деп хабарлады ведомстводан.

Полиция департаментінің мәліметі бойынша сондай-ақ мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту кезінде Йемен Республикасының 4, Сирияның 3 азаматы ұсталды. Бұлар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 514-бабы 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Бөрлі аудандық сотының шешімімен елден шығарылды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

БҚО
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир