Оралхан Бөкей – көркемсөз шебері: студенттер байқауының жеңімпаздары анықталды

Almaty.tv
Almaty.tv
Алматыда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жазушы, драматург Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойын атап өту жалғасып жатыр. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасында көрнекті тұлғаның құрметіне «Оралхан Бөкей – көрнекті редактор, көркемсөз шебері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жиынға қара шаңырақтың ұстаздары мен ақындар, қоғам қайраткерлері мен білімгерлер қатысып, жас буынға жақын болған жазушының жарқын ғұмырын еске алды.

– Орекеңнің шығармашылығы қай заманда да оқырманын да, ізденушілерді де өзіне қарата білген, әдебиеттегі үлкен құбылыс болды. Сол құбылыс әлі де бәсеңсіген жоқ. Оралханның өмірден өткеніне, міне, биыл 30 жылдан асып барады. Бірақ Оралханның шығармашылығының жас екенін бүгінгі жастар айқындап жатыр, – деді жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрдәулет Ақыш

Айта кетейік, ұлттық әдебиетті дамытуға елеулі үлес қосқан жазушының есімін дәріптеу мақсатында студенттер арасында арнайы байқау жарияланған еді. Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасы мен демеушілер ұйымдастырған сайыстың қорытындысы осы жиында жарияланды. «Ең үздік ғылыми жұмыс», «Ең үздік баспасөз материалы» және «Дизайн өнерінің үздік туындысы» номинациялары бойынша жеңімпазға Оралхан Бөкей атындағы шәкіртақы берілді.

Байқаудың негізгі мақсаты – журналистикада жеке қолтаңбасын қалдырып, оны жазушылығымен ұштастыра білген өр тұлғаның шығармашылығын жастарға кеңінен насихаттау.

– Публицистикасы, журналистикасының өзі басқалардан ерекшеленіп тұратын. Сол әдемі журналистикасын әдемі жазушылыққа айналдыра білді. Оралханның кез келген шығармасы, «Сайтан көпірі», «Атау кересі», очерктері ең алдымен бірінші планға адамды шығарып сөйлететін. Барлығында Оралхан ең алдымен елдің, халықтың жағдайы, болашағы туралы сөз қозғайтын, – деді жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Кәдірбек Сегізбайұлы.

Оқи отырыңыз: Өнердің Махамбеті: Тұңғышбай Жаманқұлов 75 жасқа толды

Новости партнеров