Нұр-Сұлтанда такси жүргізушісін өлтірген күдікті бес жылдан кейін ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Полиция департаментінің айтуынша, қылмыскер 5 жыл бойы іздестірілген. Ол 2014 жылы Беларусь Республикасында ұрлық жасағаны үшін сотталған Ақмола облысының тұрғыны болып шықты. Бұлтартпас айғақтардан кейін ұсталған күдікті өз әрекетін мойындады. Осыдан 5 жыл бұрын көрсетілген жерге жеткенде жүргізуші мен жолаушы жол ақысына келіспей қалған. Кикілжің кезінде жолаушы пышағын алып, жүргізушіге 17 рет сұққан.
"Көкшетау қаласында арнайы операция барысында кісі өлтірді деген күдікпен 27 жастағы азамат ұсталды. Күдікті 2017 жылдың тамызында базарлардың бірінің маңында жекеменшік Daewoo Nexia таксиін Лесозавод ауданынан жалдаған", - деді Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Дастан Қалиев.