Ол 14 жыл бойы жазасын өтеуден қашып жүрген
Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ол 14 жыл бойы жазасын өтеуден қашып жүрген.
38 жастағы ер адамды Тұран ауданының көші-қон қызметкерлері рейдтік шара жүргізу барысында анықтады.
Ел аумағында заңсыз жүріп-тұрған шетелдік ұзақ жылдар бойы қылмыстық қудалаудан жасырынып келгені белгілі болды.
Оған қатысты ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін 2010 жылы ташкенттік құқық қорғаушылар қылмыстық іс қозғаған.
ҚР көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін ер адамға ӘҚБтК-тің 517-бабына сәйкес шара қабылданды. Қазіргі таңда ұсталған азамат өз еліне жіберілді.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда бала өлтіргендер және педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылады