Алматы облысында 17 орам есірткіні тығып кетпек болғандар ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Құрамында мефедрон ұнтақты есірткі заты бар тауарды тасымалдағандардың 1995 жылғы азаматтар екені анықталып отыр. Олар таңғы сағат 7:00-де Алматыдан 20 орамды алып, есірткіні өткізу үшін Қаскелеңге келген.
– Тергеу барысында бұрын жасырылған жерден есірткі заттары табылып, тәркіленді. Аталған дерек ҚР ҚК 297-бабы бойынша аудандық полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалды, тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Ұсталғандар заңнамада белгіленген тәртіппен уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды, – деді облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі Ернар Сәйділдин.
Оқи отырыңыз: Банкрот тізіміне күнде 100-150 адам қосылып жатыр