|
18.04.2024 | 16:19
2763

Бишімбаевтың ісі: сот отырысында дәрігер Ерсұлтан Сәрсенбаев куәлік етті

Мейрамханадағы вип бөлмеден Салтанат Нүкенованың саусақ іздері табылмады

Бишімбаевтың ісі: сот отырысында дәрігер Ерсұлтан Сәрсенбаев куәлік етті Almaty.tv

Астанада Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгін екінші айыпталушы Бақытжан Байжанов кеңес сұрап хабарласқан дәрігер Ерсұлтан Сәрсенбаев куәлік етті, деп хабарлайды Almaty.tv

Ол қайғылы оқиға болған күні көмекке бара алмағанын, артынша өлім аузында жатқан Салтанат Нүкенованы жедел жәрдемге көрсету керек екенін айтты. Өзі науқастың жағдайын көрмей, нақты диагноз қоя алмайтынын жеткізіпті. Мұнан соң Бақытжан Байжанов жеңгесінің оянбай жатқанын баяндап, «адам мас кезінде ұзақ ұйықтауы мүмкін бе?» деп сұраған. «Көп ішкен де қауіпті екенін ескерткенмін» деді куәгер.

– Бақытжан хабарласқанда «Жеңеше масайып, ұйықтап қалды» деді. Қаншалықты ішкенін сұрап едім, «таңертеңге дейін» деді. «Мен нарколог емеспін, бірақ масайған кезде, ол да қауіпті, жедел жәрдем шақырыңдар» деп айттым. 1 сағаттан соң Бақытжанға қоңырау шалып, не болғанын сұрадым. Бақытжан әлі ұйықтап жатқанын айтты. «Бақытжан, оның жағдайы жақсы ма өзі? Төбелес болды ма?» деп сұрадым. Бақытжан «бір көзі қызарған, таңға дейін ішкен» деді. Мен жұмыстан шыға алмағандықтан, жедел жәрдем шақыру керек екенін айттым, – деді куәгер Ерсұлтан Сәрсенбаев.

Мұнымен қоса, сотта дәрігердің Байжановқа нашатыр спиртін алуға кеңес бермегені белгілі болды. Хабарласқан кезде хәл үстінде жатқан Нүкенованың жағдайы туралы білмегенін жеткізді. Түске дейінгі тыңдалым кезінде айтылған тағы бір дерек – қайғылы оқиға болған мейрамханадағы вип-бөлмеден Салтанат Нүкенованың саусақ іздері табылмаған. Мұны жәбірленуші тараптың қорғаушылары Қуандық Бишімбаевтың өзінен сұрады.

– Айттым ғой алдында, бөтелкеден мен құйдым, ол стақанды ұстамаған шығар. Мен түсіндіріп бере алмаймын. Бірақ оның ішкенін көрдім. Саусақ ізі қалай алынғанын білмеймін, – деді сотталушы Қуандық Бишімбаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир