|
25.12.2020 | 16:24
1131

Алматы облысында зейнеткерді тонаған қаскүнем ұсталды

Жәбірленушінің сөмкесінде құжаттардан бөлек, оның банк картасы мен 85 мың теңге қаражаты болған

Алматы облысында зейнеткерді тонаған қаскүнем ұсталды

Алматы облысында зейнеткерді тонаған қаскүнем ұсталды. Талдықорған қаласының Жастар ықшам ауданында белгісіз біреу әйелден қол сөмкесін жұлып алып, қаша жөнелген сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. 66 жастағы зейнеткер бірден полицияға шағым түсірген. Жәбірленушінің сөмкесінде құжаттардан бөлек, оның банк картасы мен  85 мың теңге қаражаты болыпты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ер адам ақшаны жұмсап, сөмке мен құжаттарды лақтырып жіберген. Күдіктіні тәртіп сақшылары орталық саябақ ауданында қолға түсірген. Ол 19 жастағы жұмыссыз қала тұрғыны болып шықты. «Тонау» бабы бойынша іс қозғалды.

«Аталған дерек бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тәртіп сақшылары жедел түрде қылмысқа қатысы бар күдіктінің мекенжайын анықтап, оны құрықтады. Бұлтартпас айғақтардан кейін күдікті қылмыс жасағанын мойындады. Тергеу барысында ол сөмкені, әмиянды, басқа да құжаттарды тастаған жерлерді көрсетті. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің бас маманы Серік Үпиев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир