|
06.12.2022 | 16:34
2095

Ер адам ұрланған көлік ішінде 13 жасар қызды зорламақ болған

Полиция қызметкерлері оны қылмыс жасамақ болған кезінде ұстаған

Ер адам ұрланған көлік ішінде 13 жасар қызды зорламақ болған Sputnik / Табылды Кадырбеков

Атырауда ер адам біреудің Reno Duster көлігін айдап әкетіп, оның ішінде 13 жастағы қызды зорламақ болды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомство өкілдерінің сөзінше, бұл жағдай Авангард ықшамауданында болған.

"Reno Duster көлігін айдап кеткен ер адам көпқабатты үйлердің ауласына жасырынып, 13 жастағы қызды зорламақ болған", - дейді ведомство өкілдері.

Күдіктіні Атырау облысы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері "қылмыс жасамақ болған кезде" ұстады.

"Кәмелетке толмаған баланы зорлауға оқталу фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі (Зорлау) бойынша тергеу басталды", - деді Атырау облысы ДП баспасөз қызметі өкілдері.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир