Түркістан облысында зейнеткерді тонаған ер адам ұсталды

Almaty.tv
Almaty.tv
Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазығұрт ауданында белгісіз біреу егде тартқан қарияны тонап, 200 мың теңге шығын келтірген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметінше қарт кісі моншадан шығып, демін басу үшін жақын маңдағы саябақтардың біріндегі орындыққа отырған. Осы мезетте қарақшы зейнеткердің әлсіздігін пайдаланып, сөмкесін күшпен тартып алып, қашып кеткен. Қария тонау туралы бірден полиция бөліміне хабар беріпті.

Жедел іздестіру жүргізіліп, күдікті ұсталды. Әккі әрекетін іске асырмақ болған азамат бұрын істі болған жергілікті тұрғын екені анықталды.  

«Қазіргі таңда бұлтартпау шарасы қолданылған. Алдағы уақытта осы бойынша Қылмыстық кодекстің 191-бабы, яғни «Тонау» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазір сотқа дейінгі тергеп, тексеру жүріп жатыр», – деді Қазығұрт АПБ тергеу бөлімшесінің тергеушісі, полиция лейтенанты Шайыз Бақберген.

Новости партнеров