Бишімбаевтың жеке қойын дәптеріне жазылған Салтанаттың қолхаты оқылды

Almaty.tv
Almaty.tv
Cудья жазбаға таңданысын жасыра алмады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Екінші аптаға созылған сұралым кезінде экс-министрден тағы да жауап алынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгін Бишімбаевтың жеке қойын дәптеріне жазылған Салтанаттың қолхаты оқылды. Жазбаны сотталушының қорғаушысы алқабилерге оқып берді. Онда марқұм әйелі «бұдан былай күйеуімді сыйлауға, қызғанбауға, ұрыс шығармауға, балағат сөздер айтпауға уәде беремін» деп жазған көрінеді. Осы айғақпен сотталушының адвокаттары Нүкенованы қызғаншақ, күйеуінің жүрген-тұрғанын қадағалап отырған деп көрсеткісі келді. Алайда, судья мұндай жазбаға таңданысын жасыра алмады.

– Әйелдің күйеуіне осындай жазба жазғанын алғаш рет оқып отырмын. Сонда әйелі күйеуінің алдында осындай міндетін жазып отыр ма, мұны қалай түсінуге болады? – деді судя.

Мұнан соң Бишімбаевты жәбірленуші тараптың адвокаттары сұрақтың астына алды. Ауыр халде жатқан Нүкеноваға неге бірден жедел-жәрдем шақырмағанын сұрады. Бұған экс-министр бұрындары да жеке жұмысымен көріпкелге жүгініп үйреніп қалғанын жеткізді. Бұл жолы да оның "Салтанат оянады" деген жауабына өте сенімді болғанын айтты.

Оқи отырыңыз: Бишімбаевтың ісі: сот отырысында Салтанат Нүкенованың смартфоны тексерілді

Новости партнеров