|
13.03.2023 | 16:57
2365

Сотталған ер адам Бурабайға қашып кеткен

Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды

Сотталған ер адам Бурабайға қашып кеткен ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысында бір жылға бостандығы шектелген тұрғын пробация қызметінен қашып, Бурабай курорттық аймағында тығылып жатқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

СҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл қалалық соты З.-ны ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігі бойынша, яғни ұрлық жасаған үшін соттап, бір жылға бас бостандығын шектеді. Осы мерзімге пробациялық бақылау белгіленіп, жергілікті атқарушы билік бекіткен орында 100 сағат қоғамдық жұмыс атқаруға міндеттелді.

«Сотталған пробация қызметіне есепке қойылған кезде жазасын өтеуге қатысты барлық талаппен танысты, оны орындамаған жағдайда қандай шара қолданылатыны туралы ескертілді.

Бірақ, соған қарамастан ол бақылаудан қашып, белгіленген жазадан құтылмақ болды», - дейді СҚО бойынша ҚАЖД Қызылжар аудандық пробациялық қызмет бөлімінің инспекторы Вера Никитенко.

Пробация қызметінің қызметкерлері бастапқы іздестіру іс-шараларын жүргізгенімен, сотталған адамның жүрген жерін анықтау мүмкін болмады. Осыдан кейін пробация қызметінің ер адамға іздеу жариялау туралы ұсынысы қанағаттандырылды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында сотталған Петропавл қаласында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

«Сотталған адам өз кінәсін толық мойындады. Пробация қызметінің бақылауынан қашып, Ақмола облысының Бурабай ауылына барып қоныстанған. Осылайша, жасаған қылмысын және оның салдарын ұмытып, жаңа өмір бастамақ болған.

Жазаны өтеу кезінде ол тиісті талаптарды орындамағаны үшін жазаның бас бостандығынан айыруға ауыстырылуы мүмкіндігі туралы екі рет жазбаша ескерту алды. Сотталғанның ісін Қызылжар аудандық соты қарайды», - дейді Вера Никитенко.

Оқи отырыңыз: Теміртауда газ баллоны жарылды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир