Браконьерлер аулаған 7 итбалық Каспий теңізіне қайта жіберілді

elements.envato.com
elements.envato.com

Оларға әкімшілік айыппұл салынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Браконьерлер аулаған 288 бекіре тұқымдас балық пен 7 итбалық Каспий теңізіне қайта жіберілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметіне сілтеме жасап.

«2023 жылғы 30 сәуірде Қазақстан мен Ресей елдерінің шекара қызметтері ҚР-дың өзге де уәкілетті органдарымен бірге браконьерлік әрекеттердің жолын кесуге бағытталған жедел-рофилактикалық іс-шаралардың кезекті кезеңін өткізді:

- Рейдтік іс-шаралар барысында Каспийдің Қазақстанмен шекаралас суларында 58 құқықбұзушы анықталып, 23 жүзу құралы алынды. Ұзындығы 100 шақырымнан асатын браконьерлік тор және өзге аулау жабдықтары тәркіленді.

- Табиғи мекендеу ортасына 288 бекіре тұқымдас балық, 13 мың ұсақ тұқымды балық және 7 итбалық жіберілді.

- 1 647 375 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Мемлекетке 588 млн теңгеден аса келтірілетін залалдың алды алынды.

«Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Каспий теңізінің биологиялық байлығын қорғауға бағытталған шараларды жалғастырып жатыр», - делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Новости партнеров