|
16.10.2022 | 17:02
7439

Филлипинде белгісіз біреулер турист әйелді 20 күн бойы ит торында ұстаған

Жәбірленуші қасқүнемдерден қашып үлгерген

Филлипинде белгісіз біреулер турист әйелді 20 күн бойы ит торында ұстаған ViralPress

Филиппиндегі түнгі клубтың бірінен белгісіз біреулер қытайлық турист ұрлап, 20 күн бойы ит торында ұстаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.

Анхелес қаласында Шанхай тұрғынына құрбысымен серуендеп жүргенде шабуыл жасалған. Кейін қыздың сүйіктісі полицияға жүгінген. Ер адам оның телефонына белгісіз нөмірден видео жіберілгенін, онда оның сүйіктісін бейсбол таяғымен ұрып жатқанын айтты. Сондай-ақ, ер адамның айтуынша, шабуыл жасағандар 180 мың фунт стерлинг төлем талап еткен.

Жәбірленуші қасқүнемдерден қашып үлгерген, кейін полиция қызметкерлері әйелді тапқан. Тәртіп сақшылары турист қамалған үйге барған, алайда күдіктілер оқиға орнынан қашып үлгерген. Тәртіп сақшылары бұл үйде ішінде жастық пен шелек тұрған ит торының болғанын растады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир