|
16.08.2022 | 17:07
3486

Қаңтар оқиғасы: 834 адам сотталды

Тергеу амалдарын жүргізу үшін барлығы 1 237 күдікті адам қамауға алынды

Қаңтар оқиғасы: 834 адам сотталды ser-per.kz

Бүгін ОКҚ-да Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов Қаңтар оқиғасына байланысты қанша адам істі болғанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv

Оның айтуынша, еліміз бойынша тергеу органдарымен 5 300 астам қылмыстық іс тіркелген. Олардың басым көпшілігі – ұрлық, тонау, қаруды сақтау және өзге де қылмыстар.

«Тергеу амалдарын жүргізу үшін барлығы 1 237 күдікті адам қамауға алынды. Жеке басын, денсаулық жағдайын сипаттайтын материалдарды ескеріп, 284 адамның қамауға алынуы ешқайда кетпеу туралы қолхатқа, кепіл, үйқамаққа және жеке кепілгерлікке ауыстырылды. 955 күдікті адам сотқа беріліп, түрлі жаза бойынша  834 адам сотталды, оның ішінде 636-ы бас бостандығынан айыруға байланысты емес.  Қазіргі уақытта 292 күдікті адам қамауда», – деді Елдос Қилымжанов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир