Талдықорғанда бұрынғы әйелін пышақтаған ер адам 7 жылға сотталды
Almaty.tv
Қашып кеткен күдіктіге халықаралық іздеу жарияланған еді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Талдықорғанда бұрынғы әйелін аңдып жүріп, жүрек пен мойын тұсынан бірнеше рет пышақтаған ер адам 7 жылға сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жетісу облысы полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, оқиға биыл 5 қаңтарда болған. Қашып кеткен күдіктіге халықаралық іздеу жарияланған еді.
«Күдікті Қостанай облысынан табылып, Талдықорғанға жеткізілді. Барлық іс материалы арнайы сот-медициналық сараптама қорытындысымен сотқа жолданды», - делінген Жетісу облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Айыпталушы ҚР ҚК-нің 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айрылды.
Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30