Алматыда жыл басынан бері синтетикалық есірткі шығаратын 26 зертхана жойылды. Бұл туралы қалалық прокуратурада өткен ведомствоаралық кеңесте айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Биыл құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтер заңсыз айналымнан 900 келіге жуық есірткіні тәркіледі. Сондай-ақ тыйым салынған заттардың таралуы туралы ақпаратты қамтитын 380 сайт, аккаунт және басқа ресурстар бұғатталды. Кеңесте тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру бойынша жасалған жүйелі жұмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістер айтылды.
– Атап айтқанда, түзетулер жәбірленушілердің арызынсыз әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді қозғауға мүмкіндік береді. Хаттама жасау үшін куәгерлердің айғақтары мен бейнебақылау камераларының бейнелері жеткілікті. Тараптардың қайта татуласу мүмкіндігі алынып тасталды. Татуласу рәсімі сотта бір рет қана қолжетімді болады, – деді қалалық прокуратура басқармасының аға прокуроры Даурен Дінбаев.
Биыл Алматының қоғамдық орындарында жасалған қылмыстық құқықбұзушылықтың саны 9 мыңға жетті. Ал қаржылық құқықбұзушылықтарға келетін болсақ, прокуратура мәліметінше, 10 айда алаяқтық 12, ал қаржылық пирамидалар 40 пайыз азайған.
Оқи отырыңыз: Қаржы пирамидасы: Алматыда алаяқтардың сайты бұғатталды