Батыс Қазақстан облысының тұрғыны 61 жастағы анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі kznews.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, ер адам тәртіп сақшылары қайтыс болған әйелдің денесін тапқан соң жедел іздестіру кезінде қолға түскен.
«Барлық қызметкерлерге ескерту берілді, іздестіру шаралары жарияланды. Күдікті өлтірілген әйелдің 35 жастағы ұлы болды, ол шындықты жасыруға тырысты, тергеуді адастырды. Күдікті мен анасының арасында жанжал болған. Ол анасына дене жарақатын келтірген. Нәтижесінде әйел көз жұмды», – деп түсіндірді Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Махсудхан Аблазимов.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 3-бөлігінің 106-бабы «Адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап 8 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.