Қарағанды облысында есірткі саудасымен айналысқан ер адам ұсталды

Фото: panthermedia/vostock-photo
Фото: panthermedia/vostock-photo
Оның сөмкесінен 32 келіден астам гашиш салынған үш пакет анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысында есірткі саудасымен айналысатын ер адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы күрес департаменті өкілдерінің айтуынша, күдікті қылмысқа дайындалған сәттен бастап бақылауға алынған. Оның Шудан Қарағандыға дейін пойызға билет алғаны туралы хабарлама түскен бойда азаматты ұстау шаралары жүргізіліп, кеншілер астанасына жеткен кезде қолға түскен.

Тексеріс барысында оның сөмкесінен 32 келіден астам гашиш салынған үш пакет анықталды.  

«Тергеу барысында күдіктінің Жамбыл облысының 26 жастағы тұрғыны екені анықталды. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 296-бабы, 4-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Ол қазір уақытша қамауда», – деді ПД Ішкі және сыртқы коммуникация басқармасының бас маманы Жансая Жүнісова.

Новости партнеров