Қызылордада жүргізуші куәлігінен айырылса да рөлге отырған мас ер адам ұсталды

otyrar.kz
otyrar.kz
Күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жүргізуші куәлігінен айырылса да рөлге отырған мас ер адамды полиция қызметкерлері қамауға алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қызылорда полицейлері BMW жүргізушісін 11 қарашада Текей батыр көшесінде тоқтатты. Құқық қорғау органы өкілдеріне мас жүргізуші туралы дерек ақпарат жедел басқару орталығынан келіп түсті.

Тексеру барысында автокөлік тізгініндегі облыс орталығының 32 жастағы тұрғыны мас күйінде болғаны анықталды. Сонымен қатар, 2022 жылдың қыркүйегінде сот шешімімен оның 7 жылға жүргізуші куәлігінен де айырылғаны белгілі болды.

Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушіні наркологиялық диспансерге жеткізді. Сараптама қорытындысына сәйкес ол орташа ауырлықтағы мас күйінде болған.

Аталған фактәге сәйкес, ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Көлік айыппұл тұрағына қойылды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.

Новости партнеров