Алматы облысында қаржы пирамидасын құрған ерлі-зайыпты ұсталды

Олар кооператив атын жамылып, көпшіліктен қомақты ақша жымқырып келген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында қаржы пирамидасын құрды деп айыпталған ерлі-зайыпты ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Олар «Елімай-2019» тұтыну кооперативінің атын жамылып, көпшіліктен қомақты ақша жымқырып келген. Бұл туралы облыстық қаржы мониторингі агенттігінің департамент қызметкерлері хабарлады.

Қазір күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Мамандардың айтуынша, бүгінге дейін зардап шеккен 125 адамнан арыз түскен. Олар жәбірленушілер саны әлдеқайда көп болуы мүмкін деп есептейді. Осыған байланысты Қаржы мониторингі агенттігі жапа шеккен азаматтарды экранда көрсетілген мекенжайға жүгініп, мына телефон нөмірлеріне хабарласуын сұрайды.  

Алматы обл. Өтеген батыр кенті, Батталханова көшесі, 11А

Телефон: +7 (727) 251-71-06.

«Оларға қатысты қаржылық инвистициялық пирамиданы құру және оған басшылық ету деген айыппен ҚР ҚК 217-бабы бойынша тергеу жүргізілуде. Күдіктелер Алматы облыстық уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді Алматы облыстық экономикалық тергеу департаментінің ресми өкілі Айнұр Ыдырысова.

Новости партнеров