Алматының ҰҚКД бастығы Нұрлан Мәжилов қамауға алынды
inbusiness.kz
Бұл туралы Мәжіліс отырысында Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департамент бастығы Нұрлан Мәжилов ұсталды. Бұл туралы Мәжіліс отырысында Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі turkystan.kz порталына сілтеме жасап.
«5 қаңтарда Алматыдағы екі Полиция департаменті мен үш департаменттің, сондай-ақ, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарының бастықтары өз ғимараттарын, соның ішінде қаруды қалдырғаны анықталды. Осы деректер бойынша, 7 қылмыстық іс қозғалды. Олар бойынша тергеу әрекеттерінің негізгі көлемі аяқталды. Алматы ҰҚКД бастығы Нұрлан Мәжилов қамауға алынды. Қазір басқа адамдарға қатысты дәлелдемелерді жинау және талдау жүргізіліп жатыр», – деді Берік Асылов.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
12.10.2026 12:54
Дәрігерлер күндіз қанша уақыт ұйықтау керек екенін айтты
11.10.2026 11:14
Қанттың зияны тағам түріне байланысты ма: диетологтар ескертуі
11.10.2026 17:43
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
12.10.2026 09:00