Тергеу амалдары басталды
Алматы полициясы қалта ұрыларын ұстады. Күдіктілер негізінен қоғамдық көліктерде ұрлық жасаумен айналысқан, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
Күдіктілерді қалалық криминалдық полиция қызметкерлері Бостандық және Жетісу аудандық полиция басқармасындағы әріптестерінің көмегімен ұстады.
- Оңай ақшаны жақсы көретіндердің ең үлкені – 42 жаста, ең жасы – 32 жаста. Олар автобус жолаушыларынан ұрланған гаджеттерді сатуға үлгермеген. Айғақты заттар тәркіленді. Ұсталғандар өз қылмыстарын мойындады. Олардың жеке басы осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды.
Оқи отырыңыз: Алаяқтық: Алматы полициясы бастығының атынан жалған хабарлама таратуда