|
01.05.2023 | 17:41
5230

Жантүршігерлік соққы: екі ер адам арасындағы жанжал қайғылы оқиғамен аяқталды

Оқиға кеше түнде болған

Жантүршігерлік соққы: екі ер адам арасындағы жанжал қайғылы оқиғамен аяқталды Из открытых источников

Әлеуметтік желілерде Қарағандыдағы рестобар маңындағы жанжал түсірілген видео пайда болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Видео Instagram-дағы қоғамдық dorogi_karagandy парақшасында жарияланған. Кадрлардан мекемеде топырлап тұрған адамдарды көруге болады. Біреуі соғып, қарсылас оған жауап беруге тырысады, ал басқалары оларды ажыратуға тырысады.

2023 жылы 30 сәуірде Қарағандыда түнгі сағат 02:00 шамасында TEDD мейрамханасының жанында екі ер адам арасында ауызша жанжал болып, оның соңы қайғылы оқиғамен аяқталды. Жанжал кезінде 24 жастағы жігіт 19 жастағы жігіттің бетінен жұдырықпен ұрған, жәбірленуші жедел жәрдем келгенше сол жерде жан тапсырған.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы, 3-бөлігі («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир