|
25.01.2023 | 18:39
2976

Таразда дәрігерлердің жаңа туған нәрестені кімге және қаншаға сатқаны анықталды

Әйелдер уақытша ұстау изоляторына қамалды

Таразда дәрігерлердің жаңа туған нәрестені кімге және қаншаға сатқаны анықталды polisia.kz

Жамбыл облысында дәрігерлер жаңа туған сәбиді сатып жіберген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Таразда жаңа туған нәрестені 1,5 миллион теңгеге сатпақ болған екі акушер ұсталды. Белгілі болғандай, қалалық көпсалалы ауруханада жаңадан босанған әйел медбикелерге жағдайын айтып, сәбиді балалар үйіне өткізуге ниетті екенін жеткізіпті. Мұны естіген ақ халатты абзал жандар бала сүюге зар болып жүрген азаматшаға шақалақты сатпақ болған. Абырой болғанда бір емес, қос бірдей құзырлы орган өкілдері қылмыстың алдын алған.

«Медицина қызметкерлері балалы бола алмайтын әйелді алдын ала дайындап, пайда табу мақсатында босанғаннан кейін, жаңа туған нәрестені 1 500 000 теңгеге сатуды ұйымдастырған», – деді Тараз қаласының прокуроры Жамбыл Сыматов.

Кәмелетке толмаған баланы сату дерегі бойынша Қылмыстық Кодекстің 135-бабымен сотқа дейінгі тексеру тіркеліп, 2 медицина қызметкері уақытша ұстау изоляторына қамалды

Енді күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 9 жылға дейін темір торға қамалуы  мүмкін. Ал нәрестенің 39 жастағы анасы мен сатып алушыны жауапқа тарту мәселесі тергеу барысында анықталады.

«ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес аталған әйелдер уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал баланы сатып алушыға қатысты қолхатпен босатылды. Нәресте Тараз қаласының сәбилер үйіне орналастырылды. Тергеу жалғасып жатыр», – деді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир