Петропавл қаласының тұрғыны 8 миллионнан астам теңгесінен айырылып қалды
Almaty.tv
Тәртіп сақшылары оңай жолмен ақша тапқысы келгендерді Алматыда қолға түсірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Петропавл қаласының тұрғыны алаяқтарға алданып, 8 жарым миллион теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол жалған банк қызметкерлерінің нұсқаулығын орындап, 6 бірдей қаржы мекемесінен несие рәсімдеген. Өзінің алданғанын білген 44 жастағы әйел қалалық полиция басқармасына жүгінген. Тәртіп сақшылары оңай жолмен ақша тапқысы келгендерді Алматыда қолға түсірді.
«Алматы қаласында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шара барысында жасалған қылмысқа қатысы бар екі адам анықталды. Олар 4 және 3,5 жылға бас бостандықтарынан айырылды», – деді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі Құмарбек Жоламан.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Кофенің пайдасы мен зияны: дәрігерлер нені ескертеді
13.11.2026 12:40
Алматыда 16-22 қараша аралығында ауа райы қандай болады
14.11.2026 09:11