Мопед жүргізушісі егде жастағы әйелді қағып, мерт қылды

Almaty.tv
Almaty.tv
Тергеу жұмысы басталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда мопед жүргізушісі егде жастағы әйелді қағып мерт қылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Куәгерлердің айтуынша, азамат жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан. Қатты жылдамдықпен келген мопед рөлін игере алмай барып адамды соққан. Оқиға орнына жеткен полицей қазір тергеу жұмысы басталғанын айтты. 

– Аталмыш көлік оқиғасы 3 қарашада сағат 13:00-де Бостандық ауданында болды. 2004 жылы туылған О. есімді азамат мопедті тізгіндей отырып, Тимириязев көшесімен батысқа қарай кетіп бара жатып, жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 64 жылғы Ж. есімді жүргіншіні қағып кетті. Аталмыш дерек бойынша Алматы ПД анықтау басқармасында ҚК 345-бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалық зерттеу тағайындалды, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

Оқи отырыңыз: Павлодарда 13 жылдан бері іздеуде жүрген азамат ұсталды

Новости партнеров