Вайнер Азимжан Саидбаевтың ұсталғаны туралы ақпаратқа интерпол түсініктеме берді
Instagram / Azim Saidbayev
Әлеуметтік желіде халықаралық іздеуде жүрген Саидбаевтың Түркияда ұсталғаны туралы ақпарат жарияланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстанның интерполы танымал вайнер Азимжан Саидбаевтың ұсталғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
"Шетелдік әріптестерімізден қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен іздеуде жүрген Азимжан Саидбаевтың ұсталғаны туралы ресми ақпарат әзірге түскен жоқ", - деп хабарлады ведомство.
Әлеуметтік желіде халықаралық іздеуде жүрген Саидбаевтың Түркияда ұсталғаны туралы ақпарат жарияланды.
Ол Mudarabah capital пирамидасын ұйымдастырды деген күдікке ілінген. Сондай-ақ Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов та пирамиданы құрды деп айыпталып жатыр.
Саидбаевқа 11 ақпанда іздеу жарияланған болатын. Төребаев пен Шерниязов қамауда отыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.10.2026 13:27
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
18.10.2026 11:40
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
18.10.2026 11:00
Апельсин шырынының ағзаға пайдасы қандай
18.10.2026 16:06